VK
ИМАН ЖАСТАРЫ ЖАМАҒАТЫ
«ИМАН ЖАСТАРЫ» 💚 ⠀ 🕌 «Иман жастары» Атырау облысының бас имамы Батыржан Берденұлының бастамасымен қалалық «Иманғали» орталық мешіті жанынан құрылған ерікті жастар ұйымы. ⠀ Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты— Мен жастарға сенемін! Қажу бар ма тұлпарға, Талу бар ма сұңкарға?! Иман күшті оларда, Мен жастарға сенемін!.. Алаш — айбынды ұраны, Қасиетті Құраны. Алаштың олар құрбаны, Мен жастарға сенемін! – ⠀ деп, Алаштың жарқын болашағын діндар жастармен байланыстырған Алаш алыптарының арман мұратының бүгінгі бет-бейнесіне айналуды көздеген «Иман жастарының» негізгі концепциясы Атыраулық діндар⠀ жастардың бірыңғай платформасын құрып, жастарды имандылыққа ауызбірлішікке үндеу, отансүйгіштікке тәрбиелеу һәм Алла үйі мен қазақ жастары арасына рухани диалог орнату. Діни іс-шараларды ұйымдастырумен қатар, жетімдер мен қарттар үйіне бару, аз қамтылған отбасыларға жәрдем беру, қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастыру секілді бірнеше әлеуметтік жобалар да «Иман жастарының» негізгі бағыттарына жатады. ⠀ XXI ғасырдағы озық ойлы, интеллектуалды жастардың діни образын қалыптастыруды мақсат тұтқан «Иман жастарының» сапында қазіргі таңда біраз жас жамағат бар. Және Атыраудың барлық өңірінде "Иман жастарының" филиалдары бар. ⠀ Алла Тағала Құранда «Жақсылықта жарысыңдар десе», Алла Елшісі ﷺ өзінің хадисінде жас кезінде құлшылық жасаудың сауабы өте үлкен екенін баяндаған. ⠀ ✅ Ендеше, барлық Атыраулық жастарды біздің сапымызға қосылып, жастық уақытымызды ізгі істерге бірге сарп етіп, жақсы амалдарды атқаруда өзара жарысуға шақырамыз! ⠀ Біздің есігіміз ел игілігі үшін еңбек етіп, асыл дініміздің абыройын асқақтатуға ниетті жастар үшін әрдайым айқара ашық! ⠀
ИМАН ЖАСТАРЫ ЖАМАҒАТЫ — сообщество ВКонтакте в рубрике «Образование». На 16 октября 2026 у него 1 084 подписчиков. Последняя публикация — 2366 дней назад. Данные ТелеМакс, обновляются регулярно.
Число подписчиков снято 19 часов назад.





