Қалың елім, қазағым...
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың. Бет бергенде шырайың сондай жақсы, Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың? Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді, Аузымен орақ орған өңкей қыртың. Өзімдікі дей алмай өз малыңды, Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың. Көрсе қызар келеді байлауы жоқ, Бір күн тыртың етеді, бір күн — жыртың. Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын? Өздеріңді түзелер дей алмаймын, Өз қолыңнан кетпесе, енді өз ырқың.....
ER = реакции ÷ охват, ERR = просмотры ÷ подписчики. Охват — средние просмотры поста за 30 дней; медиана рядом показывает типичный пост — она не поднимается от одной оплаченной публикации, в отличие от среднего. Последняя публикация: нет данных. Число подписчиков снято 1 час назад, охват и частота посчитаны по последним постам стены ещё не обновлялись — посты этого канала мы не храним, только итоги.