АТ БАПТАУ | БӘЙГЕ
@at_baptau · VK
In the catalog since September 18, 2026
About the channel
Ат баптау Ат баптау — бәйгеге қосар атты жарату, күйіне келтіру. Қазақтың көреген сыншылары, көзіқарақты атбегілері кез келген атқа ден қоймайды. Алдымен оның тұқым-тегіне, бітім-нышандарына назар аударып, көңілінен шықса ғана баптап, күйін табуға кіріседі. Жақсы жылқының бойынан құмартып қайталайтын белгілері мынадай болып келеді: омыртқасы шығыңқы бітеді, кең тынысты, сағақты болып келеді, тұсарлығынан адырая көрінетін жуан сіңірді оңай аңғаруға болады, томардай болып біткен шоқтығы да көзге бірден түседі, тұтаса біткен кең кеудесі сирағын қысқа сияқты көрсетеді. Білгір атбегілер жүйрік аттың тісіне дейін қарап, егер күрек тіс қатары мен азу тіс қатарының арасындағы кетік алшақ болса, оны да жақсы қасиеттің бір нышанына балайды. Шын жүйрікті мінез-бітіміне қарай да тануға болатын алуан түрлі ұғымдар бар. Атты суытқанда артқы екі аяғына кезек-кезек салмақ салып, тұяғының ұшын ғана тіреп тұратын қасиетін атбегілер жақсы белгіге санайды. Аттың аяғы әлді болса ғана бір аяғына салмақ салып, тезірек тынығуға мүмкіндік алады. Немесе, жайылса желдеп жайылатын, су ішсе судың тұнығын қуалап ағысты өрлей ішетін, оттаса көк-құрақты қомағайлана қарбытып, дәл түптен қауып оратын, жетектесең ботадай елпілдеп соңыңнан еретін жетекшіл мінезін нағыз атбегілер хас жүйрікке тән қасиетке балаған. Міне, осы сияқты жылқының толып жатқан қасиет белгілеріне көңілі толған атбегі әрі қарай таңдаған пырағын баптауға кіріседі. Егер құлын кезінен көзі түссе, желкесін ноқтаға қидырмай, желіде шырылдатпай еркін жетілуін қадағалайды. Тіптен, тай, құнанында да иесіне үйірсек болуы үшін бас білдіріп қойғаны болмаса, жаншып мінбейді. Одан әрі, жылқының “мүшел жасы” делінетін дөненінде тарттырылады. Бестісінде баптауға кіріседі. Сәйгүлікті жарату үшін оны, ең алдымен, шабатын күйіне келтіріп алу шарт. Ол үшін, әрине еті ояздау келсе, біраз қоңдандырып, етін көтеріп алып барып жарата бастайды. Керісінше, ат семіз болса қызылмай, қанжілік етіп алмай, бірте-бірте баппен арытады. Мыс., семіздігі үш-төрт
АТ БАПТАУ | БӘЙГЕ is a VK community in the “Sports & Fitness” category. As of November 17, 2026 it has 40,711 subscribers; over 30 days it lost 15. Latest post: 1250 days ago. TeleMax data, updated every hour.
How the numbers are calculated
The subscriber count was measured 20 hours ago.
What we know about this channel
Latest post: 3 years ago; the channel has not posted anything for a month, so there is nothing to calculate reach, engagement and dynamics from.





